Қазақстандағы педагогикалық ЖОО түлектері сертификаттаудан өтеді

Қазақстандағы педагогикалық ЖОО түлектері сертификаттаудан өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үш жылдан кейін Қазақстанда жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілуі тоқтатылады.

Осы уақыттан бастап елдегі әрбір университет мамандық иесіне өз үлгісіндегі дипломды тағайындауы қажет. Осылайша, университтер өз білім сапасына, ұстаздар құрамы мен олардың берген іліміне кепіл болмақ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті отырысында айтты.

«Сол арқылы олар өздерінің беделіне, білім сапасына, профессорлық-оқытушылық құрамына кепілдік береді. Ендігі уақытта мемлекеттік үлгідегі диплом болмайды. Бұл да білім сапасына әсерін тигізеді», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат АЙМАҒАМБЕТОВ.

Ал 2021 жылдан бастап қызметке тұру кезінде азаматтан дипломнан бөлек, сертификат талап етілетін болады. Сонымен қатар, бір университетті бітіргендердің 50 пайызы жұмысқа орналаспаса, министрлік лицензиясын қайтарып алуы мүмкін. Бұған Жоғары оқу орындары қауымдастығының президентi Рахман Алшанов қарсы пікір білдірді.

«Біз қазір 20 мың техникалық және технологиялық мамандар керек деп стипендиялар бөлдік. Дұрыс, бұл жаңа бағыт, ел болашағы. Бірақ 4 жылдан кейін осыншама жұмысшы керек болады деп кім айтты? Дәл осылай «Киберқауіпсіздік» саласына күшімізді жұмсап жатырмыз. Бұл салада мамандар керек пе? 1 мың адамды оқыттық делік. Кейін Ұлттық қауіпсіздік қызметі 20 адам, Қорғаныс министрлігі 10 қызметкер ғана керек десе, 900-і далада қалады ғой. Сонда біз ол оқу орындарының лицензиясын қайтарып аламыз ба? Осыны ойлану керек», – деді Жоғары оқу орындары қауымдастығының президентi Рахман АЛШАНОВ.



Новости партнеров