|
29.11.2018 | 16:45
2935

Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсеткен жезөкшелер ұсталды

Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсеткен жезөкшелер ұсталды

Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін караоке-бардағы жезөкшелердің ұсталған сәтінің толық видеосы пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, притон ұйымдастырушылар тек шетелдіктерге қызмет еткен. Сол сәтте караокеде Оңтүстік Кореяның 22 азаматы мен 18 жеңіл жүрісті қыз болған. Арнайы операцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан сынды төрт елдің қызметкерлері қатысқан.

Видео департаменттің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды.

«Мұнда төрт басшы болған, олардың екеуі – Оңтүстік Корея азаматтары. Олардың караоке-барларында жеңіл жүрісті қыздар жұмыс істеп, тек шетелдіктерге қызмет көрсеткен. Ұсталғандардың барлығы Полиция департаментіне жеткізілді. Төрт ұйымдастырушыға қатытсы ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Таяуда оларға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.

Еске салайық, осыған дейін Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін жезөкшелері бар караокенің анықталғаны хабарланған еді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир