|
11.12.2018 | 16:46
17786

Көкжиек ықшамауданында алғашқы көтерме сауда орталығы ашылды

Көкжиек ықшамауданында алғашқы көтерме сауда орталығы ашылды

Алматының Көкжиек ықшамауданында көтерме сауда орталығы ашылды.

Аталған дүкенде қолжетімді тауарлардың түр-түрі бар. Дәрі-дәрмектен бастап тұрмыстық тауарлар мен азық-түлікті арзан бағада алуға болады. Дүкеннің ашылғанына аз ғана уақыт болса да, бағасы төмен болғандықтан тұтынушылар үшін қолжетімді.

«Біз тұтынушылар үшін тиімді төменгі бағаларды сақтауға тырысамыз. Әсіресе, халық көп тұтынатын нан өнімдері, өсімдік майлары мен қанттың бағасы бізде өте қолжетімді», – дейді көтерме сауда орталығының директоры Людмила ГОРОХОВА.

Дүкен сөрелеріндегі тауарлардың басым көпшілігі жергілікті өндірушілердікі. Олар көбінесе сүт, шұжық және алкоголь өнімдерін жеткізеді. Яғни, транспорттық шығын аз болған сайын тауар бағасы да арзан. Ассортимент көп болса, сұраныс та артады деген сөз дейді сауда үйінің басшылығы. Көтерме сауда орталығы 70 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Мұнда бүгінгі күні 10 мың адам тұратын 62 көпқабатты үй бар. Бұл аймақта осыған дейін көтерме сауда орталығы болған жоқ. Сондықтан дүкен тек қала тұрғындары үшін ғана емес, облыс тұрғындарына да тиімді болмақ. Себебі, бұл жерден қаланы Іле ауданымен байланыстыратын жалғыз жол өтеді», – деді Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мұхтар ТӘЖІБАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир