|
11.12.2018 | 16:57
2709

Алматыда Аягүл Миразова атындағы шығармашылық зертхана ашылды

Алматыда Аягүл Миразова атындағы шығармашылық зертхана ашылды

Алматыда Қазақстанның Еңбек ері Аягүл Миразова атындағы шығармашылық зертхана ашылды. Онда мектеп директорлары мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жасалады.

Зертхана білім беру ісінің құрметті қызметкері Аягүл Төреқызының 70 жас мерейтойы қарсаңында ашылған. Ұлағатты ұстаз қаладағы Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ордасын ширек ғасыр бойы басқарған. Осы жылдар ішінде аталған оқу орны еліміздегі ең мықты білім ошағының біріне айналды.

«Зертханада жас директорлардың менеджерлік мектебі жұмыс жасайды. Сонымен бірге, Алматы қалалық директорлар кеңесі де жұмыс істеп тұр. Соның аясында Алматы қалалық білім беру жүйесінің даму тұжырымдамасы, даму бағдарламасы, оларды жүзеге асырудың жоспарлары дайындалып отырады», – деді Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Әкімжан САЙЛЫБАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир