|
12.11.2018 | 17:54
2769

«Болашақ» халықаралық стипендиясына 25 жыл толды

«Болашақ» халықаралық стипендиясына 25 жыл толды

Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының 25 жылдығы аталып өтті. Ширек ғасырға жуық уакыт ішінде бағдарлама шарапатын 13 мыңнан астам қазақстандық көрген. Бүгінге дейін 10 мыңнан аса маман даярланды. Бұндай мәліметті мерейтойға орай өткен «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты форумда Білім және ғылыми министрі Ерлан Сағадиев жеткізді.

Салтанатты жиынға еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов және Қазақстан Республикасындағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Ато Браун қатысты.

«Болашақ» стипендиясының 25 жылдығына орай Елбасының құттықтау хатын оқыған Гүлшара Әбдіхалықова бағдарлама түлектері әртүрлі салаларда жұмыс істеп, ел экономикасын бекемдеуге сүбелі үлесін қосып жүргенін ерекше атады.  

«Болашақ» арқылы білім алған кардиологтар 33 мыңнан астам адамның жүрегіне ота жасап, емдеудің 1700-ден аса халықаралық стандарттары мен алгоритмдерін енгізді. Жас инженерлер энергетика саласында басқарудың автоматтандырылған жүйесін дамытып, ірі өнеркәсіп нысандарда пайдалану үшін мобильді роботтар мен гибритті платформалар құрастырды. Сондай-ақ, олар табиғатты қорғау, экологиялық ортаны орнықты дамыту үшін бірегей технологияларды енгізу мәселелеріне аса көңіл бөліп отыр. Қазақстанның болашағы сіздердің жетістіктеріңізге және елдің жаңғыруына қосқан үлестеріңізге тікелей байланысты», – деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир