|
16.10.2018 | 17:00
1265

Алматы облыстық ТЖД басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Алматы облыстық ТЖД басшысы пара алды деген күдікке ілінді

ҚР ІІМ ТЖК Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық бюро мәліметінше, Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі 2018 жылы 11 қазанда пара алды деген күдікке ілінді. 

«Ол Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру дәне апатты-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің басшысынан азаматтарды жұмысқа алғаны үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», - дейді агенттіктің ресми өкілі. 

Соынмен қатар, өз кінәсін толықтай мойындаған айыпталушы ұсталмаған. Тергеу жалғасып жатыр.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир