Алматы әуежайында «жарылыс» жолаушыларды шошытты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы әуежайында естілген жарылыс жолаушыларды шошытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдай туралы қалалық әуежайдың баспасөз қызметінен хабарлады. Тарс еткен дыбыс Халықаралық әуежайдың телекоммуникациялық құрал-жабдығы орналасқан бөлімнен шыққан.
«Бөлімде өрт сөндірудің газ жүйесін тестілеу кезінде тарс еткен дыбыс шықты. Тестілеу жұмыстарын қызмет көрсету компаниясының өкілдері жүргізген. Жүйені іске қосқан кезде ауада қатты тарс еткен дыбыс етілді. Бұл дыбыс терминалдағы жолаушылардың назарын бірден аударды», - деді әуежайдың баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Алматы Халықаралық әуежайы мен мердігер компания өкілдері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52