Құрылтай: Youtube желісінде қазақтілді блогерлер бәсекеге қабілетті ме?

Құрылтай: Youtube желісінде қазақтілді блогерлер бәсекеге қабілетті ме?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Youtube платформасындағы қазақ блогерлері бәсекеге қабілетті ме? Бүгін Алматыда өткен Youtube желісіндегі қазақтілді блогерлердің алғашқы құрылтайында осы сұрақ қаузалды.

Білгендерін бір-біріне үйрету үшін еліміздің әр өңірінен 50-ден астам блогерлер жиналды. Бүгінде қазақстандық Youtube бейнехостингін күніне 12 миллион адам қараса, оның 7 миллионы қазақтілді контентке тиесілі екен. Бұл еліміз үшін жақсы көрсеткіш дейді сарапшылар.

«Youtube блогердің өзінің форматына байланысты болып табылады. Өйткені, Youtube желісінің көрермендерінде теледидарға қарағанда өте үлкен айырмашылық бар. Ол шынайылықты қажет етеді. Яғни, сіз өмірде қандай болсаңыз, кішкене орысша-қазақша араластырып сөйлеп немесе қандай да бір жаргондарды қолданатын болсаңыз, сіз Youtube-та да өзіңізді жеке брендинг ретінде қалыптастыруыңыз қажет», – деді Genesis Youtube Qazaqstan компаниясының контент-продюсері Ақбота САЛҒАРАЕВА.

Дегенмен, қазақ тілінде өз блогын жүргізетіндер ғаламтор кеңістігіне толық енді деп айту қиын дейді жиналғандар. Себебі, желіде тақырып таңдау мәселесі әлі кенжелеп тұр дейді қатысушылар.

«Қазақстанның Youtube нарығы бос. Кез келген тақырыпта канал ашуға болады әлі. Негізгі ауқымды мәселелер қозғалып жатқан жоқ. Енді-енді сол форматқа келіп жатыр. Мысалф, интервью жанры жақсы дамып жатыр. Бизнес тематикадағы каналдар да дамып келеді», – деді қазақстандық Уoutube каналының әкімшісі Жалғас ХАЛЫҚОВ.


Новости партнеров