Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін Қоғамдық қабылдау ашылды

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін Қоғамдық қабылдау ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда күндіз -түні жұмыс істейтін Қоғамдық қабылдау ашылды. 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан ашылған алаң өз кеңселері жоқ қоғам өкілдерінің басын қосып, түрлі кездесулер өткізуге мүмкіндік береді. 24 сағат бойы жұмыс істейтін Әдеп жөніндегі кеңеске еліміздің кез келген тұрғыны келіп, өздерін мазалаған сұрақтарды қоя алады. Сондай-ақ, қоғам өкілдері мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларының сақталуын қадағалап, жемқорлық әркеттерін болдырмау үшін жұмыс істейміз дейді.

«Біздің басты мақсатымыз – халықтың санасынан жемқорлық деген сөзді алып тастау. Яғни, негізгі міндетіміз – тырнақтың астынан кір іздеу, біреудің аяғынан шалу немесе абақтыға жабу емес, халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жемқорлық атаулыны жою», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Арнайы мониторинг тобының мүшесі Бекбол БАТЫРЖАНҰЛЫ .


Новости партнеров