|
14.12.2018 | 17:09
3441

Елімізде балалар үйлерінің түлектеріне қолдау көрсететін ұйым ашылды

Елімізде балалар үйлерінің түлектеріне қолдау көрсететін ұйым ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» өз жұмысын бастап, жетімдерді жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар бизнесмендер мен меценаттарға үндеу тастады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз көнференциясында ұйым төрағасы Рафаэль Гасанов айтты.

Бүгінде елімізде 125 балалар үйінде 5 мыңнан астам жеткіншек тәрбиеленіп жатыр. Олардың көбі білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу сынды қиындықтарға тап болады. Елімізде алғаш құрылған Балалар үйі түлектерінің қауымдастығы осы мәселелерді шешуге көмектеспек. Сондықтан ұйым мүдделі мекемелер мен кәсіпкерлердің қолдауына мұқтаж.

«Еліміздің азаматтық қоғамын қауымдастыққа қолдау көрсетуге шақырамыз. Ең алдымен, психолог, заңгер, тәлімгерлердің көмегі керек. Сондай-ақ, тек қаржылық қолдау көрсетіп қана қоймай, баллаларды жұмысқа орналастыруға, білім алып, біліктілік арттыруларына жәрдемдесе алатын меценаттар мен бизнесмендер қажет. Осылайша, біз балалар үйі түлектерінің мәселелерін көтеріп, шешетін боламыз», – деді «Қазақстан балалар үйі түлектерінің ассоциациясы» ЗТҰ төрағасы Рафаэль ГАСАНОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир