|
14.12.2018 | 17:25
2277

Алматы аудандары Тәуелсіздік мерекесін тойлауды бастап кетті

Алматы аудандары Тәуелсіздік мерекесін тойлауды бастап кетті

Тәуелсіздік – тәу ететін жалғыз кие. Алматының барлық аудандары мейрамды тойлауды бастап кетті.

Алмалы ауданында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 150 орынға шақталған балабақша ашылды. Бөбекжайдың құрылысына 40 миллион теңге жұмсалыпты. Нәтижесінде, 20 жаңа жұмыс орны ашылған. Мектепке дейінгі мекеме 2 және 7 жас аралығындағы балаларды қабылдайды.

«Бұл балабақша барлық мемлекеттік стандарттарға сай. Жалпы, біздің жұмысымыздың негізгі бағыты – мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің санын арттыру, сапалы білім беруді ұйымдастыру», – деді Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр БЕКЖАНОВА.

Аудан әкімдігі Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің өсіп-өркендеуіне және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан жандарға алғыс білдірді. «Қазақконцерт» залында өткен мерекелік шара барысында әр салада кәсіби біліктілігімен ерекшеленіп, белсенділік танытқан 14 азаматқа Құрмет грамотасы табыс етілді. Сондай-ақ, Президент жарлығына сәйкес, Игорь Франк пен Михриниса Ибрагимова «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

«Бар жақсылық Тәуелсіздіктің арқасында болып жатыр ғой. Егер біз, қазақстандықтар, қазақ халқы осындай қуанышты күндерімізде қуанышты күндерімізбен бір-бірімізді құттықтап жатсақ, бұл бірінші – Тәуелсіздіктің, екінші – Елбасымыздың дана саясатының арқасында болып отыр. Себебі, біз Тәуелсіздік алған соң экономикада, әлеуметтік салада, сауда-саттықта, саясат пен басқа да салаларда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік», – деді Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры Сабри ХИЗМЕТЛИ.

Әуезов ауданының тұрғындары да қасиетті мерекені қастерлеп, қауым болып атап өтті. Келушілерге арнайы концерттік қойылымдар көрсетіліп, эстрада әншілері сахнада өнерлерін паш етті. Ал Медеу ауданының әкімдігі мереке қарсаңында ауданды өркендетуге ат салысқан жандарға алғыс хаттарын табыстады. Сыйға жиырма әр түрлі саланың мамандары лайықты деп танылған.

«Бүкіл халық үшін, бүкіл қазақстандықтар үшін әрине, Тәуелсіздік мерекесінің жөні бөлек. Бұл біздің ең ұлы мерекеміз. Тарихымызға үңілер болсақ, қазақ халқы ғасырлар бойы осы мерекені зарыға күтті, армандады, тіледі. Мінекей, тілегі орындалып, біз Тәуелсіз мемлекет құрып жатырмыз», – деді ҚР еңбек сіңірген қызметкері Шәмшә БЕРКІМБАЕВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир