|
20.11.2018 | 17:31
1586

Алматы бөктеріндегі 5 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылатын болды

Алматы бөктеріндегі 5 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылатын болды

Алматының тау бөктеріндегі 5 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Мұндай шешімді Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шығарды.

Соттың ұйғарымы бойынша, Қарасай ауданы әкімінің шешімімен, 2002 жылы «Интер Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне спорттық-сауықтыру кешенін орналастыру үшін Казачка шатқалынан 5 гектар жер телімі берілген. 2015 жылы аталған компания жер учаскесін SPM Grupp -қа сатып жіберген. Ал жер телімі Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында болған. Яғни, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады. Бұдан шығатын түйін – аудан әкімінің жерді беру туралы шешімі заңсыз болған, ал жер учаскесіне қатысты жасалған мәмілелер мен олардың сот органдарына тіркелуі туралы мәліметтер жойылады.

Айта кетсек, биыл жазда қала әкімі Бауыржан Байбек 5 гектар жерді заңға сәйкес, мемлекеттік меншікке қайтару процесін бастауды тапсырған болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир