|
25.12.2018 | 17:32
3452

Түркия мен АҚШ-тан келген түркітанушылар Ұлы дала тарихын тереңірек зерттемек

Түркия мен АҚШ-тан келген түркітанушылар Ұлы дала тарихын тереңірек зерттемек

Алма мен қызғалдақтың отаны – Қазақстан екенін білген түркітанушылар таңданыстарын жасыра алмады.

Бұл дерек Түркия, АҚШ сынды алпауыт елдерден келген тілші-ғалымдар Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау барысында айтылды. Шараға отандық танымал тарихшылар, қоғам қайраткерлері де қатысты. Олар түркілердің ежелгі бабалары туралы сөз қозғап, Ұлы даланың тарихы мен әдебиеті жайлы өз пікірлерін ортаға салды.

«Ғылым академиясында 4 миллионға жуық кітап бар. Қазіргі ғалымдар ол кітаптардың барлығын оқып шықпағанына сенімдімін. Ал сол миллиондаған кітаптың ішінде тарихымыздың жаңғырығы бар. Бүгінгі дөңгелек үстел тарих саласының мамандарын ойландырады деп ойлаймын. Тарихшылардың алдында туған елінің шежіресін оқыту, қорғау, болашаққа аманаттау міндеті тұр», – деді қоғам қайраткері, ақын, «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік мұражайы» РМҚК басшысы Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир