30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер зейнетке шыға алатын болды

30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер зейнетке шыға алатын болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді 30 жыл еңбек өтілі бар ұстаздар зейнетке шығуға құқылы болады. Білім саласындағы жаңалық «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заң жобасының қоғамдық талқылауында айтылды.

Заң жобасын әзірлеу барысында тәлім берушілердің қызметіне қатысты 8 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен. Оның біразы зейнетке шығу мәселесін қамтыған. Құжат қазіргі уақытта заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның талқылауынан өткен. Ақпан айында заң жобасы Мәжіліске енгізілмек.

«Зейнетке шығу жасына сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі 30 жыл болуы керек. Бұл ұсыныс барлық өңірлерден келіп түсті. Біз педагогикалық еңбек өтілі 30-35 жыл болу керек деп ұзақ талқыладық. Көрші елдердің тәжірибесін қарадық. Сондықтан 30 жыл жұмыс істеген соң, мұғалімдер зейнетке шыға алады деген шешімге келдік», – деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле КАБИМОЛДАЕВА.


Новости партнеров