Алматы әуежайы ТМД елдері арасында үшінші санаттық жалғыз әуежай екенін растайтын сертификатқа ие болды. Бұл құжат әуежайдың Халықаралық Азаматтық Авиация ұйымының стандарттарына сай екенін білдіреді.
Бұған дейін Алматы әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Энергия шығындары мен көмірқышқыл газының шығындарын азайтып, жаңа жарықтандыру жабдықтары да орнатылған. Осыдан кейін Алматы әуежайы тәулігіне 480 рейсті күтіп не әуеге шығарып салу қауқарына жетіпті.
«Бұл бағдарлама Алматы әуежайы аэродромының әлеуетін арттыруға арналған. Бүгінгі күні ол сағатына 6-8 ұшақта жұмыс істейді, осы бағдарламаның соңында сертификат алу арқылы тапсырылған әуе кемелерінің сыйымдылығы екі еселенеді. Сағатына шамамен, 20 ұшақ ұшып кетеді», – деді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ вице-презденті Александр ГОРДЕЕВ.