Алматыда электронды сауда-саттық 55 пайызға ұлғайған

Алматыда электронды сауда-саттық 55 пайызға ұлғайған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда соңғы жылдары электронды сауда-саттық 55 пайызға ұлғайған. Бұл туралы қала әкімі инвестициялық форумда мәлімдеді.

Бүгінгі күні еліміз бойынша онлайн коммерцияның жартысынан астамы, интернет дүкенінің және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың 64 пайыз айналымы Алматыда шоғырланған. Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкімет рейтингісінде алып шаһар 25-ші орынға жайғасқан. Қазір қалада жаңа технологиялар ұдайы енгізілуде.  

«Біз қалалық ортаны қала адамдар үшін қағидасы бойынша жаңғырту үстіндеміз. Бұл жаңа технологиялардың дамуына және жаңа талант иелерінің тартылуына серпін береді. Замануи стандарттар бойынша тарихи орталықтың 3/2 бөлігі жаңғыртылды. Тротуар мен жасыл аймақтар кеңейтілуде. Жаяу жүргіншілер мекемелерге бару 40 пайызға ұлғайып, ондағы сауда айналымы 1,5 есеге өсті. қала тұрғындары велосипед пен электр самокаттарын белсенді пайдалануда», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.


Новости партнеров