|
10.12.2018 | 18:08
7156

Алматының барлық ұстазы қайта даярлық курсынан өтетін болды

Алматының барлық ұстазы қайта даярлық курсынан өтетін болды

Алматының барлық ұстаздары кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін қайта даярлық курсынан өтеді.

Бүгін қала әкімдігі мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» екіжақты меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, шаһардағы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері білім жетілдіреді. Ұстаздар инновациялық білім бойынша кәсіби деңгейді арттырады. 127 курстан тұратын дәріс барлық педагогты қамтиды. Яғни, бастауыш сыныпқа сабақ беретін ұстаздан бастап, директорға дейін қайта сауат ашпақ. Маңызды құжатқа қол қойған қала әкімі Бауыржан Байбек ұстаздардың біліктілігін арттыру білім сапасын көтеруге септесетінін қадап айтты.

«Алматы қаласы мектептерінің 74,3 пайыз оқушылары Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі бойынша білім алуда. Ал 2020 жылы барлық мектептегі оқушылар 100 пайызға жаңартылған білім мазмұнына көшетін болады. Енді біздің ұстаздарға келетін болсақ, ең бастысы, әрбір ұстаз сабақты жаңаша өткізсе, оны реформа деп санауға болады», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Ұстаздар қауымы даярлық курстарында жаңартылған білім мазмұнын ғана меңгеріп қоймайды. Ұжымда жұмыс істеу жолдарын, оқушыларды зерттеу және ата-анамен тіл табысудың да қыр-сырын меңгеретін көрінеді. Сондай-ақ, ғаламтордан сабаққа қолдануға болатын пайдалы материал іздеуді де үйренеді. Айта кетсек, мұғалімдерді «Назарбаев зияткерлік мектептерінде» дәріс беретіндер мен арнайы тренерлер оқытады.

«Біріншіден, қарапайым мектептің мұғалімі жаңартылған білім мазмұнын қайтадан меңгеріп шығады. Екіншіден, жаңа методика мен технологияларды қарайды. Өзінің практикасын зерттеуді үйренеді. Жалпы, жаңартылған жаңа бағалау жүйесімен танысады. Және біз қазір осы жаңартылған жаңа бағалау жүйесіне байланысты есептер дайындау, сұрақтар, тапсырмаларды дайындауды үйретеміз. Жалпы, мұғалімдер қайта даярлық курсынан өткен кезде тек лекция тыңдап қана қоймай, барлығы бірігіп сабақ жоспарын дайындайды», – деді «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш ШАМШИДИНОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир