Алматы полициясы ұрланған заттардың иелерін іздестіріп жатыр

Алматы полициясы ұрланған заттардың иелерін іздестіріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полицейлері ұрланған заттардың иелеріне іздеу салып жатыр.

Бұған дейін полицейлер Алматыдағы коттедждердің бірінен 184 ұялы телефон, 154 ноутбук, 10 нетбук, 7 теледидар, 29 видеокамера және фотоаппарат, 1 проектор, 6 ер адамның сөмкесі, 8 қаракүзен ішігі, 6 қол сағат, 26 ноутбукқа арналған сөмке, телефонға арналған 80 тысқап, ноутбукты қуаттауға арналған 15 дана құрылғы тапқан еді.

«Екі аптаның ішінде ұрланған 30 затты қайтардық. 30 телефон, 1 проектор, 1 телевизор и 1 фотоаппараттың иелерін анықтадық. Ұрланған заттарды жәбірленушілердің келіп көруіне, танысуына, алып кетуіне болады», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының бөлім басшысы Алексей СТРЕЛЬЦОВ.

Бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотталған Түркістан облысының тумасы Байдәулетов ұрылардан нетбукті небәрі, 7 мың теңгеге алып, 14-15 мың теңгеге қайта сатып отырған. 33 жастағы жігітті тінту кезінде алынған заттардың иелері әлі толықтай табылмаған. Полицейлер ұрланған заттары үшін арыз жазбаса да, телефондағы сурет пен өзге де ақпараттар арқылы иелерін табуға тырысып жатырмыз дейді.  

«Телефонымды қыркүйектің аяғында «Алтын Орда» базарында ұрылар ұрлап кеткен еді. Содан қазір табылғандықтан, Ішкі істер департаментіне келіп, телефонымызды танып жатырмын. Осы телефонды тапқан адамдар өздері хабарласты. Табылады деп ойлаған жоқ едім, шындығында. Енді Алла қалап, өзі келіп тұр», – деп қуанышымен бөлісті Ғабидолла ШӘУЕНОВ.  


Новости партнеров