|
31.10.2018 | 18:12
9138

№36 десанттық шабуылдаушы бригадасы 15 жылдық мерейтойын атап өтті

№36 десанттық шабуылдаушы бригадасы 15 жылдық мерейтойын атап өтті

Астана маңындағы №36 десанттық шабуылдаушы бригадасына 15 жыл.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта өткен мерекелік шарада Халық қаһарманы, әскери генерал Мұхтар Алтынбаев пен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Бас штабтың бастығы генерал лейтенант Мұрат Майкеев құттықтау сөз сөйледі. Олар сарбаздарға ел шебін қорғауда аянбай еңбек етіп, ел үшін тер төгуді тапсырды. Сонымен қатар, ардагерлер, әскери қызметкерлер мен олардың отбасы да қатысты. Концерт аясында әскери қызметкерлер марапат төрінен көрінді.  

«Сержанттар мен сарбаздар, қымбатты ардагерлер! Қорғаныс министрлігінің атынан, өз атымнан сіздерді Әскери құрлық күнімен құттықтаймын! 15 жылдың ішінде бригада үлкен жетістіктерге жетті. Бригаданың басты мақсаты – Астана қаласын қорғау. Астана қаласы – Қазақстанның елордасы. Астана қаласы жобаның Бас қолбасшысы, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орындалған арманы», – деді ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қарулы күштері бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат МАЙКЕЕВ.

Бұған дейін бөлімде Бас қолбасшы, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де бірнеше рет болған. Одан бөлек, премьер-министрлер, Парламент депутаттары, Ұлы Отан соғысы және ауған ардагерлері, сонымен қатар, студентер мен мектеп оқушылары да жыл сайын келіп тұрады. Мұнда борышын өтеген кез келген сарбаз қандай жағдай болмасын, жоғары кәсібилігін көрсетеді.

«15 жылдың ішінде қаншама қызметтер, қаншама жұмыстар атқарылды. Оның барлығы еленді, ескерілді. Әскери қызметшілердің арасындағы жоғары деңгейге жеткен әскери қызметшілеріміздің барлығы марапатқа ие болды. Мерекелік концертті жоғары деңгейде өткізіп және де армия генералы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев мырза да қатысты. Және Бас штаб бастығы тілегін айтып, әскери қызметшілерге жоғары деңгейден көрінуге тілектес екендігін білдірді», – деді №36 ДШБ командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғалымжан ЖҰМАБАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир