Алматыда жаңаша ойлайтын мұғалімдердің байқауы мәреге жетті

Алматыда жаңаша ойлайтын мұғалімдердің байқауы мәреге жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Педагогикалық идеялар панорамасы» деп аталатын республикалық байқаудың өңірлік кезеңі мәресіне жетті. 1 маусымда басталған айтулы шараны «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ұйымдастырған.

Байқаудың ерекшелігі сол, оған жаңаша ойлайтын, ізденімпаз, заманауи технологиялардың тілін меңгеріп, дәрісті оқушыға жеңіл әрі қызықты етіп өткізе алатын мұғалдімдер қатысты.

Ұстаздар конкурсы 22 номинациядан тұрады. Басты мақсат – Бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру. Байқауға мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік мектептердің мұғалімдері қатысты.

Ережеге сәйкес, педагогтар сабақты видео-форматта және практикалық-зертханалық негізде өткізген. Барлығы 115 мұғалімнің жұмысы әділ қазылар алқасының сараптауына жіберіліпті.

Байқау нәтижесінде 61 мұғалімге сертификат берілген. Ал, 22 номинация бойынша жүлделі орындарды өзара бөліскен 54 ұстаз республикалық кезеңде бақ сынайтын болады. Аталған сайыста мұғалімдердің жұмыстары көпшілік назарына ұсынылып, кейін дауыс беру арқылы жеңімпаз анықталады.

Новости партнеров