Келесі жылы монополистердің жұмысы толықтай электронды жүйеге өтеді

Келесі жылы монополистердің жұмысы толықтай электронды жүйеге өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2019 жылы монополистердің қызметі мен жұмысы толықтай электронды жүйеге өтеді. Бұл туралы Сенатта Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Табиғи монополиялар туралы» заңның таныстырылмында мәлімдеді.

Сондай-ақ су, жылу, газ және жарықпен қамтамасыз ететін монополистер тұтынушымен толықтай санасулары тиіс. Азаматтар мен ірі компаниялар арасында түсініспестік пайда болған жағдайда, олардың құқықтарын толықтай қорғайтын институт іске қосылады. Бұл аталмыш саланы жүйелендіріп, компаниялардың қызметін тиімді етеді.

«Бұл монополисттердің қызметтерін, тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылатын коммерциялық емес ұйым. Ол тарифтік сметалардың және инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді қарауға қатысады. Сонымен қатар, қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу және табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін сақтауы туралы есептерді қарайды», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.


Новости партнеров