Желтоқсандықтар «Астанаға 20 жыл» медалімен марапатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушылар «Астанаға 20 жыл» медалімен марапатталды.
Қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ел тағдырына алаңдап, алаңға шыққан ержүрек ұландардың ерлігін мұқым жұрт жоғары бағалайтынын айтты. Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай дайындалған төсбелгі еліміздің мәдениетін дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарға да табысталды.
«Желтоқсан оқиғасы Жаңа жыл қарсаңында болды. «Тамаша» бағдарламасының мерекелік түсірілімі жүріп жатқан. Кенеттен барлық жастар алаңға ағыла бастады. Өте сұмдық көрініс болды. 32 жыл өтсе де, әлі де көз алдымызда тұр, құдды бір кеше болған оқиғадай», – деді Қазақстанның халық әртісі Нағима ЕСҚАЛИЕВА.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11