Алматылықтардың ыстық су мен суық суға төлеген артық ақшасы қайтарылады

Алматылықтардың ыстық су мен суық суға төлеген артық ақшасы қайтарылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда суық және ыстық суға төленген 325 миллион теңге қайтарылады. Осы жылы 15 ақпанда Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы Су» мемлекеттік кәсіпорнына электр энергиясынан үнемделген қаражатты қайтаруға ұйғарым жолдаған. Сот істі қарап бұл шешімді растаған.

Желтоқсан айында алматылық әрбір тұтынушы коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы түбіртегінде қайтарылған соманы көретін болады. Осы сынды хат «Алматы Жылу жүйесі» мекемесіне де жіберіліпті.  Олар тұрғындарға 1 млрд теңгеден астам соманы қайтарулары тиіс.  

«КазтрансГаз Аймақ» компаниясы бойынша осы жылы біз қыркүйек айында 4 пайызға тарифін түсірдік. Ол шешіммен «КазтрансГаз Аймақ» келісті. Тарифін түсірді. Қыркүйек айында тұтынушылар өзінің түбіртектерінде осы барлық түсірілген тарифтерді көрген болатын. Бұрында тариф қосымша құн салығынсыз 31 теңге болса, осы қыркүйек айынан бастап 29 теңге 8 тиын болмақ. Яғни, 4 пайызға түскен болатын», – деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Бауыржан ҚАЙЫРБЕК.

Департамент тарифтік сметаны орындау бойынша жүргізілген талдауда мақсатсыз пайдаланылған 1,5 миллиард теңгені анықтаған. Алайда «ҚазтрансГаз Аймақ» компаниясы оған келіспей сотқа беріпті. Егер сот уәкілетті органның пайдасына шешіп берсе, тариф бағасы тағы 4 жарым пайызға төмендейді.  

«АлматыЭнергоСбыт» компаниясы бойынша 2016-2017 жылдары 1,3 миллиард теңгеге қаражаттар үнемделген болатын. Біз 1 мамырда енгізілген осы 1,3 миллиард теңгені алып тастадық. Яғни, бұл соманы алып тастамасақ, тариф 1,4 пайызға өсуші еді. Дегенмен, біз оны болдырмадық. Яғни, тариф орнында қалды», – деді Бауыржан ҚАЙЫРБЕК.


Новости партнеров