Алматыда әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары сыйлыққа кенелді

Алматыда әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары сыйлыққа кенелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Жетісу ауданында әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары сыйлыққа кенелді.

Жергілікті әкімдік ең алдымен көпбалалы отбасыға барды. Өрендерге Аяз ата мен Ақшақар киім-кешек, аяқ киім мен тәтті сыйлықтар үлестірді. Сүйікті кейіпкерлерін көрген балалардың төбесі көкке жетті. Балалардың барлығы мәз-мейрам болып, жаттаған тақпақтарын айтып берді.

Жетісу ауданы әкімдігі бұл бастаманы алғаш рет қолға алып отыр. Алдағы уақытта мұндай шараны дәстүрлі түрде өткізіп отырмақ. Бұдан бөлек, Первомай ықшамауданындағы Мәдениет үйінде мерекелік шырша шарасы өтті. Оған тұрмыс жағдайы төмен отбасыдан шыққан 100 бала шақыртылған.

«Жалпы, Жетісу ауданы бойынша 165 аз қамтылған отбасы бар. Сол отбасыларда 241 бала тіркелген. Ниетіміз – бір де бір баланы назарсыз қалдырмау», – деді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вячеслав ВАВИЛИН.


Новости партнеров