|
22.10.2018 | 18:54
2714

«Алматы» телеарнасы You Tube желісінің күміс белгісін иеленді

«Алматы» телеарнасы You Tube желісінің күміс белгісін иеленді

«Алматы» арнасы You Tube желісінің күміс белгісіне ие болды. Мұндай марапат желідегі канал 100 мың тіркелуші жинағанда беріледі. Арнамыз You Tube желісінде өз каналын 8 жыл бұрын іске қосқан. Оған күніне 2 мыңнан аса адам тіркеледі. Ал қазір біздің арнамызды 222 мыңға жуық адам қарайды.  

Осы уақытқа дейін желідегі парақшамызға 39 мыңға жетіп жығылатын бейнематериалдар жарияланса, 8 жылдың ішінде оларды 104 миллионнан аса адам тамашалапты. Сарапшылардың жүргізген зерттеуі бойынша «Алматы» арнасын қарайтын ерлер мен әйелдердің қарау үлесі 50/50 пайыз. Негізгі аудитория Қазақстан, Ресей, Қырғыз Республикасы, Украина және Өзбекстан азаматтарының еншісінде.

«Телевизия енді пайда болған кезде оның көрермендері теледидарға тәуелді болатын. Ал қазір жағдай өзгерді. Көрермен өзі қалаған контентті ғаламтордан көре алады. Сондай-ақ, You Tube желісінде «Өмір иірімі» драмалық деректі фильмі, «Сәуле ғұмыр», «Інжу-маржан», «Алматинские истории» бағдарламаларын көп қарайды», – деді «Алматы» телеарнасы бас директорының орынбасары Рита ЖҮГІНІСОВА.  

«Біздің You Tube арнамыздағы негізгі контент – телеарнаның өнімдері. Олар: жаңалықтар, тележобалар. Сондықтан біз қазір көштен қалмай, сол көшпен бірге келе жатырмыз. Алдағы уақытта да осы телеарнаның You Tube арнасын миллион қолданушыға жеткіземіз деген сенімдемін», – деді «Алматы» телеарнасы интернет-жобалар бөлімінің жетекшісі Серғали БАЛАЖАН.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир