Оқу орнын бітірген түлектерді түгелдей жұмыспен қамтуға болады – Зарема Шәукенова

Оқу орнын бітірген түлектерді түгелдей жұмыспен қамтуға болады – Зарема Шәукенова
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқу орнын бітірген түлектерді елімізде түгелге жуық жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар. Бұл ақпаратты Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова жас ғалымдармен кездесу өткізген жиында айтты.

Бірақ әрбір түлектің өз мамандығы бойынша жұмыс табуы екінші мәселе. Алдағы үш айдан соң «Жастар жылы» басталады. Бұл әсіресе, еліміздегі аграрлық саланың дамуына, жастардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік бермек. Әлеуметтік саланы қамтыған жолдаудың ерекшелігін талқылаған ғалымдар таяу болашақта шешілуі тиіс мәселелерге үлес қосуға ынталы екендерін білдірді.  

«Бізде оқу бітірген студенттердің барлығы жұмыспен қамтылуы мүмкін. Бірақ, мәселенің басқа жағы бар. Ол жастар өздерінің қайда баратындарын нақтылауы тиіс. Кезінде заңгерлер мен экономистер көбейіп кеткені естеріңізде шығар. Сол сияқты қажетсіз маман болмауы керек. Маған жолдауды талқылау барысында бүгінгі жиыннан бір ұнағаны – жас ғалымдардың Елбасы айтқан тапсырмаларды жақсы түсінуі. Өйткені, ғылымсыз өндіріс дамымайды», – деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема ШӘУКЕНОВА.  


Новости партнеров