Жаңа жыл қарсаңында Алматыда жеңілдіктер фестивалі басталды

Жаңа жыл қарсаңында Алматыда жеңілдіктер фестивалі басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа жыл қарсаңында Алматыда тауар бағасы қымбаттамайды. Керісінше, сауда орталықтары қала тұрғындары үшін жеңілдіктер жасамақшы. Шаһар тұрғындары мен қала қонақтары төмендетілген бағада киім-кешек, әшекей және тұрмыстық техниканы сатып ала алады.

Алматыда жеңілдіктер фестивалі дәстүрлі шараға айналған. Оның аясында қала тұрғындары мен қонақтары киім-кешекті 80 пайызға дейін жеңілдіктермен сатып ала алады. Сонымен қатар, зергерлік бұйымдар 40 пайызға, опа-далап 20 пайызға арзандаса, тұрмыстық техника да төмендетілген бағада саудаланады.

«Дүкенімізде маусымаралық жеңілдіктер басталды. Соның ішінде, сіздерге, яғни тұтынушыларға ұсынарым – 100 пайыз акрилден жасалған кашемир кеудешелердің бұрынғы бағасы 3490 теңге болса, қазір 1790 теңге деген тиімді бағамен сатылып жатыр. Мұндай кеудешелерді ең алдымен күнделікті тұрмыс-тіршілікте киюіңізге және де жұмысқа немесе Жаңа жыл алдындағы өздеріңіздің туған-туыстарыңызға, жақындарыңызға сыйлыққа беруге болатын таптырмас бұйым саналады», – дейді дүкен директоры Назым ТУЫРБАЕВА.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жасалып отырған игі шараға тұрғындар дән риза. Туған-туыстарына сыйлық іздеп жүрген жұрттың қарасы қалың.

«Қызымыз екеуіміз бүгін дүкен аралап шыққанбыз. Қызым маған Guerlain-нің бетке жағатын опасын, ерінге жағатын далап алып берді. Барлығы 30-40 пайыз төмендетілген бағамен сатылып жатыр екен. Бағалардың арзандығына риза болдым», «Туыстарыма Жаңа жылға сыйлықтар алып жүрмін. Бағалары өте жақсы. Таңдау да көп. Арзан бағада көптеген заттар алуға болады», «Ассортимент өте көп. Таңдап алуға болады. Соларды қарап жүрміз», деп тұтынушылар сауда орталығының бағаларына разылықтарын білдіруде.

Мұндай бастамаға кәсіпкерлер де кет әрі емес. 300-ге жуық әлемдік бренд ұсынып отырған сауда орындары мен дүкендер желісі жеңілдіктер фестиваліне қатысуға қуана келісім беріпті.

«Бұған дейін өткізілген фестиваль нәтижесі бойынша өткен жылы сауда орындарына келушілер қатары 20 пайызға, тауар айналымы 15 пайызға ұлғайған. Ал осы жылы сауда орындарына келушілер қатары 25 пайызға, ал тауар айналымы 20 пайзаға артады деп отырмыз», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз хатшысы Саяжан ӘБІРБЕК.

Алматыда жеңілдіктер фестиваліне 50-ден астам сауда орны қатасып отыр. 22 желтоқсанда басталған аталмыш шара келесі жылдың 15 қаңтарына дейін созылады.


Перизат Көмекбайқызы, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров