|
18.01.2019 | 19:04
10140

«Мемлекеттік сатып алу» порталы ақылы жұмыс істейтін болды

«Мемлекеттік сатып алу» порталы ақылы жұмыс істейтін болды

«Мемлекеттік сатып алу» порталы енді ақылы жұмыс істейді. Яғни, саудаға қатысамын дейтіндер жарна төлеуі тиіс.

Мәселен, 1 миллион теңгеге дейін тендерге қатысқысы келсе, 1 айлық есептік көрсеткіш, ал 10 миллионға дейін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төлеуі міндет.

Ең үлкен жарна 308 мың теңге. Сонымен қатар, баға да негізсіз төмендетілмейді. Мұндай өзгеріс порталдың жұмысын жеңілдетеді екен. Өткен жылдың 26 желтоқсанында Елбасы «Мемлекеттік сатып алу» туралы заңға қол қойған болатын. Жаңа өзгерістерді таныстыруға келген қаржы саласындағы бір топ маман жаңа заңның ерекшеліктерін таныстырды.

«Бұл заң қабылданғанға дейін ешқандай қаржылық міндет болмаған еді. Ең үлкен проблема – шағымның түсуі болатын. Шағым түскен жағдайда, ол шағым қаралғанға дейін бүкіл тендерлар тоқтап тұратын», – деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңы департаментінің директоры Сәбит АХМЕТОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир