|
31.10.2018 | 19:07
3367

Мұнайдың заңсыз өндіріліп, сатылуына қарсы жаңа жүйе енгізілмек

Мұнайдың заңсыз өндіріліп, сатылуына қарсы жаңа жүйе енгізілмек

Қара алтынның заңсыз өндірілуі, сатылымы мен тасымалына қарсы жаңа күрес қолға алынбақ. Бұл туралы Астанада мұнай саласының цифрландыру жайын талқылаған Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов айтты.

Бұл бастама «Индустрия. 4.0» атты әдістеме аясында іске асырылмақ. Мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі жанар-жағармайдың көлеңкелі айналымына да тосқауыл болмақ.  

«Біріншіден, мұнай шикізатын кен орнынан өндіргеннен бастап, оны өңдеп, тұтынушыға жеткізілгенге дейінгі барлық процесті бақылауға болады. Жүйе мұнай саласындағы көлеңкелі айналыммен күресуге жол ашып, салықтар түсімін көбейтеді. Жобаның шығыны шамамен, 2 млрд 700 млн теңге. Экономикалық тиімділік 23 млрд теңгені құрауы мүмкін», – деді ҚР Энергетика вице-министрі Болат АҚШОЛАҚОВ.

Министрліктегілер отын-энергетикалық кешенінде жаңашылдықтар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында іске асады дейді. Мұнай саласын жақсарту үшін жалпы саны сегіз іс-шара атқарылады. Оның ішінде, жанар-жағармай тапшылығын жою мен бағаны бірқалыпта ұстап тұру да жоспарланған. Ведомство өкілдері цифрландыру үшін қазынадан 143 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінеді деп отыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир