Енді емханалардың тіркеу бөлімі азаматтарды қабылдамайды

Енді емханалардың тіркеу бөлімі азаматтарды қабылдамайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда тұрғындарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды. 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткен кампания барысында 300 мыңға жуық қазақстандық медицина ұйымын таңдапты. Олардың басым бөлігі емханаларға өздері барып тіркелсе, 14 мыңға жуығы электронды үкімет порталы арқылы онлайн қызметті пайдаланған.

Енді емхананың тіркеу бөлімдері азаматтарды қабылдамайды. Бұл қызмет асыра пайдалану мен фальсификация деректерінің алдын алу үшін жасалып отыр. Медициналық мекемеден тұрақты түрде көмек алғысы келетіндер тек Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен электронды үкімет порталы арқылы ғана тіркеле алады.

«Азаматтарды ескертусіз басқа емханаға тіркеу деректері өткен жылы орын алғаннан кейін, арнайы ұсыныс жасалды. Тіркелу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады. Екіншіден e.gov.kz порталы жуырда Telegramm ботын іске қосты. Смартфонның көмегімен осы бот арқылы бірнеше минутта тіркелуге болады. Сонымен қатар, қазір өзіңізді ғана емес, балаларды да онлайн режимде тіркеуге мүмкіндік туды», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Забира ОРАЗАЛИЕВА.

Еліміз бойынша биылғы тіркеу науқанына 607 медицина ұйымы қатысқан. Белсенді өңірлердің көшін Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бастап тұр. Онда 114 мың адам тіркелсе, Алматы қаласында 55 мың, Қарағанды облысында 26 мың, Астана қаласында 14 мың азамат өз таңдауларын жасаған. Айта кетейік, енді әр азамат емхананы жылына бір рет қана ауыстыра алады.


Новости партнеров