|
14.12.2018 | 19:08
3076

Бауыржан Байбек елімізге еңбегі сіңген алматылықтарға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Бауыржан Байбек елімізге еңбегі сіңген алматылықтарға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Биыл 110-нан астам алматылық түрлі мемлекеттік дәрежедегі марапаттарға ие болды. Олар 38 орден, 29 медаль, 5 алғыс хат пен екі «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» марапаттарын алған.

Ал «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай «Белсенді қызметі үшін» төс белгілері таратылып, халықтың тұтастығы мен бірлігіне қосқан еңбегі үшін 7 азаматқа «Бірлік» алтын медалі табысталды.

Айта кетейік, наградаға ие болған алматылықтардың үштен бірі білім, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері. 15 пайыздан астамы бизнес және өнеркәсіп саласының өкілдері. Бүгін қала басшысы Бауыржан Байбек Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында аталған марапаттарды иелеріне тапсырып, мерекелік шараның шымылдығын ашып берді. Құттықтау сөзінде әкім Астана қаласының 20 жылдығымен де құттықтап, Ұлы дала елордасы іргесінің қалануын Елбасының ерлігі деп атап өтті.

«Елімізбен бірге Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі – Алматы қаласы да қарқынды даму үстінде. Елбасының ерекше назары мен қолдауының арқасында шаһар экономикасы тұрақты артып келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қаламыздың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10% қана болған болса, бүгінде бұл көрсеткіш екі есе артты. Бүгінде Алматы ел экономикасының бестен бір бөлігін құрайды. Елбасының бастамасымен қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру қала экономикасына үлкен серпін беруде. Барша қазақстандықтар үшін ең қастерлі мереке – Тәуелсіздік күні құтты болсын!», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир