|
11.01.2019 | 19:24
2890

Алматыда тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылды

Алматыда тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке Түрксіб ауданында ашылған Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көрсетілді.

Қаладағы бесінші орталықтың орналасқан жері кездейсоқ таңдалмаған. Құлжа тас жолы  бойындағы «Жетісу-Семиречье» сауда орталығының екінші қабатында  орналасқан мекемеге Түрксіб, Алмалы, Медеу аудандарының тұрғындарымен қоса, Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Талғар ауданының жұртшылғы да келіп, көліктерін тіркеп, жүргізуші куәлігін ала алады.

Айта кетейік, бір ай бұрын Алматының Жетісу және Наурызбай аудандарында тағы екі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы іске қосылған. Содан бері көлік иелеріне 4 мыңға жуық қызмет көрсетілді. Кезекті ғимараттың ашылуының негізгі мақсаты да, өзге мекеменің жүктемесін азайту үшін жасалып отыр.

Бүгінгі күні Алматыда барлығы 5 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Дегенмен, көлік жүргізушісі куәлігін алу барысында тапсырылатын емтихан бұрынғыдай Алатау ауданында орналасқан №1-ші  мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізіледі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир