|
05.07.2018 | 12:19
3502

Алматыда IT-дизайнерлер ерекше көрме ашты

Алматыда IT-дизайнерлер ерекше көрме ашты

Астананың 20 жылдық мерейтойына алматылық жас суретшілер ерекше тарту жасады. Алып шаһарда алғаш рет "FOYA" деп аталатын фестиваль өтті. 

Ерекшелігі сол, көрмеде 20 шақты туындыны жаңа "Өнер up" қосымшасы арқылы жан бітіріп көруге мүмкіндік бар. Яғни, кез келген суреттің қалай салынғанын, тіпті оның қозғалғанын да көруге болады. Сондай-ақ шара аясында Ұлттық кітапхана жанынан "Өнер place" атты мәдени кеңестік ашылды. Онда барлық келушілерге тегін дәрістер өткізілмек. Ал фестивальде шабыттанған классикадан бастап Street art стилінде салынған туындылар қойылды. Көрме 28-ші қыркүйекке дейін жалғасады.

«Мен үш жұмыс алып келдім. Бәйтерек, сосын ұя деген және Сапар деген үш жұмыс. Кесте техникада орын алған үш жұмыс. Иә Астанамен байланысы бар. Неге десеңіз? Өйткені Астананы құс деп санаймын. Неге? Өйткені ол қанатын жайып, ұшып жүрген құс деп санаймын»,-деді суретші Тұрбай МҰРАТБЕК.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

картины
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир