|
04.07.2018 | 11:05
3372

Астанада Елорда жайлы бірегей құжаттар мен фотосуреттер көрмесі ашылды

Астанада Елорда жайлы бірегей құжаттар мен фотосуреттер көрмесі ашылды

Ескі Астананы енді көрмеден тамашалауға болады. 6 шілдеде ресми түрде 20 - жылдығын тойлайтын Елорда жайлы құжаттар көрмесі ашылды. Еліміздің Ұлттық мұрағаты ұсынған экспонаттар саны 100-ден асады. Онда Қазақ астанасының өткені мен бүгіні толықтай баяндалып, суреттерге толықтырылған. 

Ұлттық мұрағат Астана жұртын және қонақтарын қаланың тарихын сусындауға шақырады. Мұнда тәуелсіз Қазақстанның егемендік алған жылдардан бастап шаһардың түрлі жылдардағы суреттері, деректер, ақпараттар мен сансыз құжаттар қойылған.    

20 жасқа енді толатын Астананың тарихын түгендейтін құжаттар көрмесінде ең басты құжат, әрине, 1998 жыл 6 шілдемен белгіленген Президент жарлығы. Нөмірі 3943-ші құжатта Елбасы сол кездегі Ақмола қаласын Астана деп ауыстыру туралы қол қойған. Неліктен Астана дегенге, Елбасы ең бастысы шетелдіктерге және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеңіл, жатыңқы болғандықтан, осындай шешімге келгендігімен түсіндіреді.

«Астананың 20-жылдығы қарсаңында Ұлттық мұрағат азаматтарды қала тарихымен толығырақ таныстырғысы келеді. Бұл жерде 1998 жылғы әйгілі Елбасы жарлығынан бөлек, Астана бас қала болмай тұрып, шаһардың тыныс тіршілігі жайлы құжаттары қойылған. Жалпы, 100-ден аса фото, құжат, картиналар қойылған. Осы күндері мыңнан аса көрермен келді. Шетелдіктерде аса қызығады. Себебі, мұнда маңызды құжаттар қойылған», – деді ҚР Ұлттық мұрағатының бөлім басшысы Сәуле МҮШКЕНОВА.

Мұрағаттан Астанадағы ең ескі нысанның суретін таптық. Сәкен Сейфуллин және Мұхтар Әуезов көшелерінің қиылысындағы ескі ғимарат қазір тарих бетінде қалған.

Қазіргі Астана, ал 1846 жылы Ақмоладағы ең алғаш бой көтерген биік нысан мына көпес үйі еді. Қазіргінің тілімен айтсақ, кәсіпкер осы нысанда сатып алған тауарларын сатып, жертөлесінде сақтаған. Ал 20-шы ғасырда бұл нысан  балабақшаға айналды. Уақыт өте келе, Кеңес үкіметінің Мәдениет министрлігінің шешімімен, қазақ әдебиетінің майталманы - Сәкен Сейфуллинің мұражайына айналды.

Тәуелсіз әрі жас мемлекеттің бас қаласы болуы үшін Астана мемлекеттік маңызды мәселелерді дәлелдеу керек еді. Сондықтан менің артымда тұрған Парламент бой көтерді. Онда оңтүстік астанадан енді көшіп келген халық қалаулылары түрлі мәслелерді ортаға салып, шешімін де тауып жатты. Қазіргі күні бұрынғы Парламент сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен президент жанындағы Басқару академиясына тиесілі.

Ұлттық Мұрағаттағы көрме әлі бір апта бойы жалғасады. Көрем деушілерге есік ашық. 

Нұржан Садырбай, "Алматы" телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир