Алматыда алдағы демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады

Алматыда алдағы демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда алдағы күндері күн суытады. Синоптиктердің ескертуінше, қалада жаңбыр жауып, таулы аймақтарда температура күрт төмендейді. Мамандар қалада өткен аптаның демалыс күндерімен салыстырғанда, осы жолғы сенбі және жексенбі түндері ауа райы бірден 5 градусқа дейін түседі деп отыр. Сондықтан алматылықтар жыл киімдерін ерте бастан дайындағандары абзал.

Алдағы демалыс күндеріндегі ауа райын жай-күйі туралы Астанадағы «Қазгидромет» қызметінің инженері Жұлдыз ИСАБЕКОВАДАН сұрап білген едік.

– Жұлдыз ханым, алдағы күндері Алматы қаласы мен облысында қандай ауа райы күтілуде?  

– Алдағы демалыс күндері Алматы қаласында жауын-шашын болады деп болжам жасап отырмыз. Екпінді жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +11, +12 градус жылы болса, күндіз +20, +22 жылы болады.

– Таудағы күн райы қалай болмақ? Қандай болжам айтасыз?  

– Тау шатқалдары да жауын-шашынды болады. Сондай-ақ, бұршақ жаууы мүмкін. Екпінді жел соғады. Ауа температурасы қалаға қарағанда -10, -15 градусқа төмендейді.

– Ал келесі аптада Алматыдағы күн райы қалай болмақ?  

– 25 қыркүйектен бастап Алматы қаласының ауа райы ашылады. Ауа температурасы түнде -3, -8 градусқа дейін төмендесе, күндіз +20, +25 градусқа дейін жылы болады.


– Ақпаратыңызға көп рахмет!


Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров