«Алматы Арена» спорт кешенінде ережесіз жекпе-жектен жарыс өтіп жатыр

«Алматы Арена» спорт кешенінде ережесіз жекпе-жектен жарыс өтіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы Арена» спорт кешенінде ережесіз жекпе-жектен жарыс өтіп жатыр.

«Titan FC 51» турниріне қазақ жігіттеріне қарсылас атанғандардың көбі Америкадан келген «қара маржан» жігіттер.

«Titan FC 51» бәсекесі АҚШ-та белді турнирлердің бірі саналады. Күш пен айла тәсілдерін сынға салып жатқан айтулы жарыста 10 жұп ортаға шықса, «Әлем чемпионы» атағы үшін екі титулды белбеу сарапқа салынады.

«Titan FC 51» туринерінде тек америкалықтар ғана емес, Ресей, Қытай, Колумбия, Бразилия, Әзербайжан, Қырғызстан, Германия, Ямайка, Голландиядан келген спортшылар да қазақ жігіттерімен күш сынаспақ. Белін бекемдеп, күш пен айланы бір-бірінен асыра аламыз деген жігіттер кеше салмақ өлшеу рәсімінде де шоу көрсетіп, бүгінгі бәстің тартысты болатынын білдірген еді. Ал 70 келі салмақта Бейбіт Назаровпен белдесіп, жарыстың басты бәсекесін өткізетін америкалық Мартин Браун алтын белбеуді алып кетемін деп, қарсыласын менсінбей сөйлеген еді.

«Мен соншалықты қорқып тұрғам жоқ. Өзіме толық сенімдімін. Назаровты нокаутқа жіберіп, белдікті еліме алып қайтамын. Әдетте маған дайындыққа екі-үш апта жететін, осы жолы көбірек жаттығу өткіздім. Жеңіл дегенді елестете де алмаймын», – дейді Мартин БРАУН.

Мартин «Өз елінде шығып тұрғандықтан, Бейбіт Назаровтың жауапкершілігі пен қобалжуы басым, ал менің жоғалтатын ештеңем жоқ, әрі өзімді еркін сезінемін» деп, қарсыласын менсінбей сөйлеген еді. «Шын болат қайнауда, шын батыр майданда шынығады» демекші, кімнің кім екені сәлден соң белгілі болады. Назаровтың өзі  болса, «бұрын мені танымаған америкалық енді қазақтардың қандай екенін білетін болады» деген.

«Айта кету керек, бүгінгі турнирде 9 ресми және 4 ресми емес төбелес болады. Халықаралық «Titan FC» ұйымы және «Alem fighters» спорт клубының біріге ұйымдастырумен өтіп жатқан бәсекеде жеңіл салмақта тағы бір чемпиондық атақ сарапқа салынбақ.  57 келі салмақта чемпиондық белбеу колумбиялық Хуан Пуэрта мен қазақ спортшысы Қазыбек Әшімовтің арасында өтеді. Шыңдалған шымыр жігіттердің октагандағы жарысы түнгі сағат он бірге дейін жалғаспақ», – деді Ардақ НАЗАРОВ.


Әмірболат Құсайынұлы, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров