2019 жылдан бастап барлық балабақшаға инновациялық жүйе енгізіледі

2019 жылдан бастап барлық балабақшаға инновациялық жүйе енгізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының педагогтары балабақшаларға арналған әдістемені енгізу бойынша тәжірибенің үшжылдығын қортындылады.

2016 жылдан бастап қаладағы 6 балабақша инновациялық жүйе бойынша жұмыс істеуде. Бүлдіршіндер әлемді құм терапиясы, ойын технологиялары арқылы таныған. Ал логикалық ойлауды Дьениш блоктары арқылы үйреніпті.  

«Қолданылған технологияларды арнайы таңдалып алынған балабақшаларда сынап көрдік. Олардың барлығы балақайларды жалықтырмайды. Ойын форматында жүргізілгендіктен шаршамайды. Дьенеш текшелері әдістеменің бір түрі. Әдістеме алдымен педагогтардың өз қызметтерінде түрлі тәрбиелеу құралдары мен жолдарын ойлап табуы үшін қажет», – деді Алматы қаласы №113 балабақшаның меңгерушісі Шолпан ҚАЛИАСҚАРОВА.  

Қазақстан бойынша тәжірибеге 77 мектепке дейінгі мекеме қатысқан. Әрқайсысының өз әдістері болыпты. Ал үшжылдық тәжірибенің нәтижесі білім министрлігі мақұлдаған әдістемелік құралға енгізілген. Осылайша, 2019 жылдан бастап барлық балабақша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған бірыңғай бағдарламаны қолданатын болады.


Новости партнеров