|
03.10.2018 | 16:10
1622

Түркістан облысында 13 жастағы баланы зорлау оқиғасы бойынша тергеу басталды

Түркістан облысында 13 жастағы баланы зорлау оқиғасы бойынша тергеу басталды

Түркістан облысында 13 жастағы жасөспірімді зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, келеңсіз жағдай Сарыағаш ауданында қарасты Жылға ауылында болған екен. Осы ауылдың тұрғыны полицияға мектеп-интернатта жатып оқитын 13 жастағы ұлын сол мектептегі ағайынды екі баланың бір жыл бойында зорлап келгенін мәлім еткен. Бұл жағдайды баланың анасы жуырда ғана білгенін айтқан. Ол жергілікті полицияға арызданғанымен, шара қолданбады деп айыптаған болатын.

Мектеп басшылығы да істі жауып жіберуге тырысқанын жеткізген еді. Десе де өңірлік полиция өкілдері аталған жағдайға байланысты тиісті сараптамалар тағайындалды деп отыр.

«Жасөспірімнің анасы 10 қыркүйек күні Сарыағаш аудандық Ішкі істер басқармасына арызданған.Қылмыстық кодекстің 121 бабы  («Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сол 10 қыркүйектен бастап сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сараптамалар Шымкент қаласында жасалады. Оның қорытындысы бір айдың көлемінде шығады. Сол сараптаманың  қорытындысы  негізінде істің мән-жайлары анықталады»,- дейді Салтанат Қаракөзова. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир