Елміздің теміржол саласында жыл басынан бері 12,5 мың заң бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында көліктік бақылау аймақтық органдары теміржол көлігінде жұмыс істейтін 303 кәсіпорынды тексерді.
Сондай-ақ, 8 ай ішінде 3 мың км жол мен 8 мың жылжымалы құрам тексерілген.
Инспекторлар 12,5 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтап, нәтижесінде теміржол мен бағыттамалық бұрманың 1137 бірлігін және 2733 жылжымалы құрамның жұмысын тоқтатты.
Есептік мерзімде 648 жолаушылар пойызы тексеріліп, 872 билетсіз жолаушы мен 4 тонна рәсімделмеген жүк анықталды.
Тексеріс нәтижесі бойынша 1370 әкімшілік іс қозғалып, 29 млн теңге айыппұл салынды.