|
21.12.2018 | 21:26
3337

Жылдың соңғы аптасында Алматыда ауа райы қандай болады – «Қазгидромет»

Жылдың соңғы аптасында Алматыда ауа райы қандай болады – «Қазгидромет»

Алдағы уақытта Алматы қаласында жауын-шашынсыз, аязды күн райы сақталуы мүмкін. Ал «Қазгидромет» мамандары осы демалыс күндеріне қандай болжам жасап отыр? Бұл сұрақтың жауабын «Қазгидрометтің» Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Дәулет КИСЕБАЕВ мырза айтып бермек.

– Дәулет мырза, алдағы демалыста алматылықтарды қандай ауа температурасы  күтіп тұр?

– Осы демалыс күндері Алматы қаласында және оның аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде  – 8-ге жуық, күндіз – 2-ге жуық және 0-ден төмен болады. Таулы аймақтарда да солай, жауын-шашынсыз болады. Түнде тұман түседі. Ауа температурасы қалаға қарағанда, 5-10 градусқа дейін төмен болады.

– Ал алдағы аптаның жұмыс күндеріне қандай болжам жасап отырсыздар?

– Келесі аптаның басында ауа райы жауын-шашынсыз болады. 25 және 26 желтоқсан күндері қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде 3-8 градустан 5-10 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз 0, – 5 градустан – 2, – 7 градусқа дейін төмендейді.

– Ақпаратыңыз үшін рақмет!


Әйкерім Ердәулетқызы, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир