Алматыда алдағы аптада күн салқындайды – «Қазгидромет»

 Алматыда алдағы аптада күн салқындайды – «Қазгидромет»
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыға қашан қар жауады? Алматы қаласында алдағы демалыс күндері қандай ауа райы күтіледі? Келесі аптада осындай жылы температура сақтала ма? Біз алдағы ауа райына жасалған болжамды білу үшін «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы филиалы бойынша синоптигі Бибігүл БЕКМҰРЗАЕВА ханыммен байланысуды жөн көрдік.

– Бибігүл Маратқызы, алдағы күндерге қандай болжам жасап отырсыздар?  

– Қайырлы кеш, Әйгерім! Алдағы сенбі күні жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтілуде. Температура қала бойынша түнде 10-12 градус жылы, ал күндіз 24-26 градус жылы болады. Жексенбі күні түнгі уақытта жауын-шашынсыз болмайды, ал күндіз, күннің екінші жартысында жаңбыр болуы мүмкін. Жексенбі күн температураның төмендеуі байқалмақ. Яғни, түнде 12-14 градус жылы болса, күндіз 20-22 градус жылы болады.

Дүйсенбі күні түнгі уақытта жаңбыр әлі де жауады, температура төмен болады. Түнгі уақытта 5-10 градус жылы болса, күндіз 15-20 градус жылы болады. Содан соң аптаның соңына дейін жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Температура түнгі уақыттарда 2-7 градустан бастап, 5-10 градусқа дейін жылынады, ал күндізгі уақытта 15-20 градустан бастап, 20-25 температураға дейін жылынады.

– Ал таулы аймақтарда қандай ауа райы күтіледі?  

– Сенбі күні таулы аудандарда жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Және ол жерде температура түнгі уақытта 6-8 градус жылы, ал күндізгі уақытта 15-17 градус жылы болып келеді. Ал жексенбі күні, күннің екінші жартысында жауын-шашын болады. Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні ауа райының салқындауына байланысты жаңбыр жаууы мүмкін. Температура төмендейді температура 6-8 градус жылы болып келеді.

– Бибігүл Маратқызы, жауабыңызға рахмет!

Өмір Әнуарбек, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров