|
12.10.2018 | 21:55
3307

Алматыда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алматыда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алматыда алдағы демалыс күндері жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Күн күрт суытады дейді ауа райын болжайтын мамандар.

Синоптиктердің айтуынша, қалада сенбі күні ғана жылы ауа райы сақталады. Ауа температурасы күндіз плюс 16-18 градусты, ал түнде 8-10 градусты көрсетеді екен. Ал жексенбіде түстен кейін күн бұзылып, жауын-шашын жауады. Әсіресе, таулы аймақтарда толассыз жауған жаңбырдың арты қарға айналады.  

«Мәселен, сенбі күні Шымбұлақ шатқалы мен Медеуде қыдыруға болады. Ал жексенбі күні онда қар жауып, ауа температуасы төмендейді. Түнде 0 градусқа дейін түссе, күндіз ары кетсе, +3,5 градус болады», – деді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы филиалының Ауа-райын болжау бөлімінің басшысы Светлана АМАНҚҰЛОВА.

Алматыда келесі аптада ауа-райы құбылмалы болады деп болжайды мамандар. Кей күні күн ашық болса, кей күн бұлттанып, жауын-шашын жауады. Мәселен, сейсенбіден бейсенбіге дейін толассыз жаңбыр төгеді екен.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир