Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі 25 жылдығын атап өтуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл еліміздің мемлекеттік күзет қызметінің президенттік оркестрі 25 жылдығын атап өтуде. Мерейтойға орай шығармашыл ұжым Алматыда есеп беру концертін ұйымдастырды. Музыканттарға еліміздің белгілі өнер иелері мен әріптестері қолдау көрсетті. Әртістердің өнерін тамашалауға қала әкімі Бауыржан Байбек те келген. Айта кетейік, концерт қалада алғаш рет бастау алған «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме аясында өтті.

«Біздің осы мерекелік концертімізде өзіміздің Президент оркестрінде істейтін ұжымдағы біздің әріптестерім шығарған шығармаларын ұсынып отырмыз. Бүкіл Президент оркестрі бірігіп, жанды дауыста ерекше бір концерт беріп отырмыз деп ойлаймын», - деді  ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің президенттік оркестр басшысы Талғат БЕРДІҒҰЛОВ.


Новости партнеров