335 алматылық мемлекеттік басқару академиясынан білім алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері Алматының 335 мемлекеттік қызметшісі Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясынан білім алған. Біліктілік арттыруға жыл аяғына дейін тағы 600-ден астам қызметші келмек. Қайта даярлау курсынан өткен мамандарға   жұмыста жемқорлыққа жол бермеу жолдары мен әдеп қағидалары оқытылады. Себебі, құқықтарын жетік білмегендіктен  кейбір қызметшілер өздерінің тәртіптік кеңеске салынып, заңсыз әкімшілік жазаға тартылып жатқандықтарын да білмей қалады екен. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік мамандары былтыр жазықсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған 13 оқиғаны анықтап, қызметкерлерді ақтап алған. Жалпы Алматыдағы 80-ге жуық мемлекеттік мекемеде бес мыңнан астам адам штаттық кестеде жұмыс істейді.  

«Басты мақсатымыз - мемлекеттік қызметшілердің  әдепті болу жағын қарастыру. Онсыз кәсіби мемлекеттік аппарат құру мүмкін болмайды. Осы мақсатта тәртіптік іс қарауды  мемлекеттік қызметші  өзінің бойынан өткізіп, сол  осында алған білімін  қызметінде пайдаланып, құқық бұзушылыққа жол бермеуді нығайту», - деді Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің бас маманы  Марат ДОСЫМБЕК.


Новости партнеров