Алматыда жаңа балалар алаңдары мен жаттығу кешендері пайда болмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыда қаланы көріктендіру аясында жаңадан балалар және спорт алаңдары мен жаттығу кешендері пайда болады. Қаланың сегіз ауданын қосқанда жалпы саны 472 жаңа аула салынбақ. Ал былтыр 290 аула ретке келтіріліпті. Жаңадан салынатын алаңдар сапалы әрі қауіпсіз сәулет құрылыстарымен ерекшеленеді. Сондай-ақ асфальт, резеңке және кірпіш тастар төселіп, демалыс орындықтары мен қоқыс жәшіктері орнатылады.  

«Биыл бізде «Алтай-1», «Жұлдыз-1,2» ықшам аудандар мен 13-ші және 16-шы әскери қалашықтарда аулалар жаңартылады. Көбіне көше бойында орналасқан үйлердің алаңдарына құрылыс жүргізіледі. Демек бұл дегеніміз, аудандағы әрбір үшінші аллеяны жаңартамыз деген сөз. Орташа есеппен бір аулаға 15 млн қаржы жұмсалады», - деді Түрксіб ауданының әкімі Владимир УСТЮГОВ.


Новости партнеров