Абаев «Азаматтарға арналған үкімет» төрағасының орынбасарына сөгіс жариялауды тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Азаматтарға арналған үкімет» төрағасының орынбасары Әсемгүл Балташеваға сөгіс жариялауды тапсырды. Ол Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің адамның жеке басына қатысты мәлімметтерді жариялап жіберген қателігіне байланысты қолданылған шаралардың жеткіліксіз екендігін айтты.
Сондай-ақ алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктер болмайтынына сенім білдірді. Айта кетейік, бұған дейін алматылық Анна Дмитриевич Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкері өзінің жеке басына қатысты мәліметті таратқанын хабарлады. Дерек әшкере болғасын, Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО қызметкері, бөлім басшысы және қалалық департамент директоры жұмыстан шығарылған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37