«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны алматылық жастарды жинады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Парасыз болашақ. «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны мыңдаған алматылық жастарды жинады. Басты мақсат - қоғам дертіне айналған жемқорлықтан жирену. «Адал жол» кітабы қаладағы сегіз аудан бойынша жүріп өтті. Шара 8 ай көлемінде жалғасын тауып, желтоқсанда қорытындыланады.

¤Алматылықтар жемқорлыққа қарсы. Ұйымдастырылған эстафета осыған дәлел. Қаланың сегіз ауданында өткен шара мыңдаған азаматты жинады. Медеу ауданын бастау алған марафонға келген жастардың қарасы көп болды. Жауаптылар өскелең ұрпақты жастайынан жемқорлыққа жирене қарауға үйретсек, қоғам дертіне айналған кеселді түбімен жоюға болатынына сенімді.

«Марафон қаламыздың әр ауданында өтеді. Әр айда әр аудан осындай іс-шаралар өткізіп, халықты біріктіріп, халыққа түсіндіріп, эстафетаны келесі ауданға тапсырады. Және осы акция, бұл марафон сегіз ай жүреді биыл», - деді Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Айгүл БАЙХАНОВА.

Эстафетаны жетісулықтар қабылдап алды. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жастар парақорлыққа деген өз көзқарастарын білдірді. «Адал жол» кітабы әр аудан өкілдеріне табысталып жалғасын тапты.

Ел көлемінде ұйымдастырылған бірегей акция 9 желтоқсанда қорытындыланады. Ал әзірге «Адал жол» кітабына кез келген алматылық өз ұсыныстары мен тілектерін қалдыра алады.


Азамат Әуезхан, Мұрат Тайжан, «Алматы» телеарнасы 


Новости партнеров