Алматы әкімі Түрксіб ауданындағы аулаларды абаттандыруды тапсырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы-1» теміржол вокзалын күрделі жөндеуден өткізіп, перрондарды кеңейту керек. Теміржол вокзалы мен оның айналасын аралап көрген қала әкімі Бауыржан Байбек жауаптыларға жаңаша жұмыс жүргізу керектігін жүктеді. Шаһар басшысының айтуынша, вокзалдың маңы  жүргіншілерге қиындық туғызбау керек.  Ол үшін бекет алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастыру сызбасын қайта қарауды, вокзал маңындағыы сквер мен оның айналасын абаттандыруды тапсырды. Түрксіб ауданының аулаларын да аралаған Бауыржан Байбек  жайлы орын  тек орталықта ғана емес, қаланың барлық жерінде болу керек,  деді. Ол үшін жасыл желек кеңейтіліп, тротуарларды заңсыз басып алғандар анықталмақ. Жыл  соңына дейін Түрксіб ауданында тағы  50 аула жаңармақ.


Новости партнеров