Алматы әкімі қаладағы жоғарғы оқу орындарының ректорларымен кездесті

Алматы әкімі қаладағы жоғарғы оқу орындарының ректорларымен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі қаладағы жоғарғы оқу орындарының ректорларымен кездесті. Жиында жатақханалар жайы, университеттердегі жемқорлық мәселесі сөз болды. Қазір Алматыда білімгерлер тұратын орын тапшы. Небәрі 94 студенттік жатақхана бар. Ал, қалаға білім іздеп, жыл сайын келіп жатқан жастар мыңдап саналады. Сол себепті, Бауыржан Байбек осы түйткілді дереу шешу керектігін айтты. Одан бөлек, ректорларға ескірген бөлмелерді осы жаздан қалдырмай, күрделі жөндеуден өткізу туралы тапсырма берді.

«Осы жылды біз Елбасы тапсырмасымен "Жастар жылы" деп атадық. Осы байланысты біз үлкен зерттеу жұмыстарын жолға қойдық. Жалпы, үлкен жұмыстарды атқардық. Біз өткен аптада мәслихат отырысында тиісті шешім қабылдап, осы бағдарламаны бекіттік. Сол бойынша, жастардың мәселесін шешу үшін 7,5 млрд теңге бөлінетін болады»,- Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

Қазір Алматыда жастарға қолдау көрсетудің жол картасы жүзеге асып жатыр. Бағдарламада 5 бағыт қамтылған. Яғни, білім саласында сыбайластыққа қарсы күрес бойынша жоғарғы оқу орындарының рейтинігін белгілеуді енгізу, тегін білім беру бағдарламасы бойынша 2 жарым жыл ішінде 2500 адамды оқыту жоспарланған. Университтер мен колледжерге студенттік жатақханалар салу үшін көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, жастарға қатысты жасалған бағдарламада жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің механизмдерін жасау және қажетті қаржы бөлу де қарастырылған. 

Новости партнеров