|
27.07.2018 | 11:42
2830

Алматылық қоғам белсенділері НКВД ғимаратын тарихи музейге айналдыруды сұрайды

Алматылық қоғам белсенділері НКВД ғимаратын тарихи музейге айналдыруды сұрайды

Музей үшін тартыс. Бүгін Алматыда бір топ қоғам белсенділері бұрынғы НКВД ғимаратының алдына тағы жиналды. Қояр талаптары біреу.

Белсенділер 2005-ші жылы жабылып қалған саяси қуғын-сүргін тарихи музейін қайта ашуды көздейді.

Олар Алаштың талай арыстары азапталған нысанды мейрамхана мен қонақ үйге айналдыруға түбегейлі қарсы. Ғимарат жекенің қолына өтіп кетіп кеткендіктен, белсенді топ оған 13 жылдан бері қол жеткізе алмай жүр. Айта кетейік, осы уақытқа дейін Наурызбай және Қабанбай қөшелері қиылысында орналасқан нысан  жүз шақты компанияға коммерциялық мақсатта жалға беріліп келеді.  

«Біз бүгін бүкіл қоғам болып, кезінде қазақтың басына түскен ойранның, зобалаң-зұлматтың ордасы болған НКВД КГБ болған тарихи ғимаратты қорғап қалуға жиналып отырмыз. Осы жерде олар бір күн, екі күн емес, айлап азапталған. Көрмеген қорлықтары жоқ. Сөйтіп барып оларды осы жерде атқан. Осы жерде олардың қаны төгілген. Енді сол жерді алып, «біздің жекеменшігіміз, орнына қонақүй саламыз» дейді. Құдай-ау, моланың үстіне кім қонақүй салады. Ол дегеніңіз – өткен тарихымызды таптау деген сөз», –  деді Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы Жұмабек АШУҰЛЫ.

Тарихи деректерге сүйенсек, атышулы түрмеде 1938-ші жылы 641 адам жазықсыз атылған. Олардың қатарында, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Темірбек Жүргенов және Санжар Асфендияров сынды елдің бетке ұстар азаматтары да болған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир